Шымкентте карантин шаралары тағы күшейтіледі, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.
Ал, 24 маусым, яғни ертеңнен бастап балабақша, барлық спорт нысандары, бассейндер, парктер мен скверлер, көлік жуу орындары, көлікке қызмет көрсетудің барлық түрлері жұмысын тоқтатады. Сондай-ақ, мұндай өзгерістер, шаштараз, монша, спа салондарға да қатысты. Ал, жұмыс күндері базарлар таңғы 6:00ден 16:00ге дейін, көтерме сауда орындары таңғы 5тен түскі 1ге дейін ашық болады.
Басқа сауда орындары сағат 10-00ден бастап кешкі 6ға дейін, қоғамдық тамақтану орындары 9:00ден кешкі 21-00ге дейін жұмыс істейді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары болса таңғы 8ден 12-00ге дейін ашық болады. Автобустар таңғы 7.00ден 11.00ге дейін, кешке 5 тен бастап 20-00ге дейін жүреді.