Шымкентте карантин жарияланады

1268

Мемлекеттік комиссия Шымкент қаласы әкімінің биылғы 4 сәуір күнгі сағат 21:00-ден бастап қалада карантин енгізу туралы ұсынысымен келісті.

Шымкентте карантин жарияланады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарланды үкімет басшысының сайтында.

Отырыс барысында мемлекеттік комиссия Шымкент қаласы әкімінің биылғы 4 сәуір күнгі сағат 21:00-ден бастап қалада карантин енгізу туралы ұсынысымен келісті.

Осылайша Шымкент қаласында карантин жарияланатын болды.

Осы шешімнен соң Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігерінің қаулысы шығып үлгерді.

"Шымкент қаласының барлық аумағында 2020 жылдың 04 сәуірі сағат 21:00-ден Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай аяқталғанға дейін карантин енгізілсін",– деп жазылған қаулы мәтінінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу