Оқиға "Самал-3" шағынауданындағы Ізгілік көшесінде болған, деп жазады inbusiness.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ересектердің қарауынсыз қалған 5 жастағы бала жеке тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткен.
"Жедел жәрдем қызметінен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайларда басқармасына баланың терезеден құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Шамамен 3,5 метр биіктіктен құлаған сәбидің қазіргі жағдайы орташа", – делінген Шымкент қаласы ТЖД таратқан ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу