Шымкентте кәріз тазарту ғимаратының құрылысы басталды

532

Шаһардағы кәріз жүйесімен қамтылу көрсеткіші 2021 жылы 54%-ға, 2022 60%-ға жетті. 2025 жылға бұл көрсеткішті 75 %-ға жеткізу жоспары бар.  

Шымкентте кәріз тазарту ғимаратының құрылысы басталды Фото: gov.kz

Шымкентте кәріз тазарту ғимаратының құрылысы басталды, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың жобаның алғашқы іргетасын қалауға қатысты.

"Бүгінгі таңда қаламызда халық саны күн санап өсіп жатыр. Сәйкесінше инфрақұрылым жүйесімен қамтамасыз ету көлемі де артуда. Инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде және қала тұрғындарына жайлы орта қалыптастыруда бүгін құрылысы бастау алған Шымкент қаласы кәріз тазарту ғимараттарының маңыздылығы зор", - деді шаһар басшысы.

Ақпаратқа сәйкес, биыл тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамту, оның ішінде кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы кәріз тазарту ғимараттарының қуаттылығын тәулігіне 200 000 текше метрге дейін ұлғайту бағытындағы нысанның құрылыс жұмыстары жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу