Шымкентте қарттар үйі ашылды

755

Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова Facebook-парақшасында жазды.

Шымкентте қарттар үйі ашылды Фото: Facebook.com

Жаңадан ашылған №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан 30-ға жуық қария пана тапқан. Оның ішінде бесеуі ерекше күтімді қажет ететін мүгедектігі бар тұрғын, деп хабарлайды inbusiness.kz.

50 адамға арналған толық стационарлы мекемеде қариялардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тұрмыстық, медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, мәдени және еңбек терапиясы бойынша әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі.

"Біз үшін бұл жауапкершілігі мол орталықтың бірі болмақ. Тағдыр тауқыметін тартқан қарияларымызға ерекше мейірімділік және қамқорлықпен қызмет көрсету - міндетіміз. Әлеуметтік саланың қызметін жүрекпен қабылдау керек. Қарияларымыздың жағдайы үнемі басқарманың назарында болады", - деп жазды басқарма басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу