Полиция жастар тобының қылмыстық әрекеттерін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Топ мүшелерін Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Шымкент және Алматы қалаларының аумағында ұстады.
Оларға қатысты көңіл көтеру мекемелеріне ықпал ету бойынша қаруды қолдана отырып, қылмыстық әрекеттер жасағаны туралы жайттар тіркелген.
Полицияға 14 адам жеткізілді, тінту шараларының нәтижесінде атыс қарулары мен оқ-дәрілер тәркіленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу