Шымкентте қарулы шабуылға қатысты іс қозғалды

369

Шымкентте қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы бойынша іс қозғалды.  

Шымкентте қарулы шабуылға қатысты іс қозғалды Фото: mail.kz

Қазір "қарақшылық", "адам өлтіруге оқталу" және "атыс қаруын заңсыз иемдену" баптары бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті – 1973 жылы туған Өзбекстан азаматы. Ол қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, күні кеше тапа-тал түсте қару-жарақ дүкеніне шабуылдаған ер адам мен күзетшілер арасында атыс болды. Салдарынан күзетшінің бірі жараланып, ауруханаға жатқызылды. Тергеу тобы алдағы уақытта күдіктіні бұл іске не итермелегенін анықтайды.

Ал, күдіктіні дер кезінде тоқтатқан полицей Арман Әріпжанов марапатқа ұсынылып, оған екі айлық көлемінде жалақы берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу