Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

129

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды Фото: Жасанды интеллект негізінде жасалған

Полиция жергілікті кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалау фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында күдіктінің қоғамдық тамақтану орнына бірнеше рет келіп, нысанды бейнежазбаға түсіріп, кейін иесіне қысым көрсеткені белгілі болды.

"Күдікті түрлі уәкілетті органдар тарапынан "тексеру ұйымдастырып", бизнесін жаптырамын деп қорқытқан. Осылайша күдікті кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткен. Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау жайты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Полиция ешбір тұлға тексеру жүргіземін деп немесе ақпарат таратамын деп қорқытып, ақша талап етуге құқылы емес екенін ескертеді. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, дереу полицияға жүгіну қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу