Шымкентте кәсіпкерлерге 142 миллион теңге негізсіз берілген

636

Шымкентте кәсіпкерлікті дамыту үшін бөлінген қаржы 38 кәсіпкерге негізсіз берілген.  

Шымкентте кәсіпкерлерге 142 миллион теңге негізсіз берілген Фото: egemen.kz

Заң бойынша қайтарымсыз қаржы жаңа әрі тиімді бизнес жобаларды қолдауға берілуі тиіс, деп жазады inbusiness.kz.

Алайда ақша наубайхана, ателье, әсемдік салоны, кондитерлік цех ашқысы келетін азаматтардың қанжығасында кеткен. Осылайша 142 млн теңгенің желге ұшқаны анықталды.

Жалпы, соңғы үш жылда 50 кәсіпкерге мемлекеттік грант заңсыз берілген. Қазір олардың жетеуі сотта қаралып жатыр. Тағы 38 жобаға бөлінген қаржыны қазынаға қайтару туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, грант қаржысын бөлу ережесіне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасалды.

"Комиссияның тағы бір заңсыз әрекеті жобасы мақұлданған кәсіпкерлерге, мүмкіндігінше, көп сома беруге тырысқан. Оның шектік мөлшері бес миллион теңге. Әрбір жобаның өзіндік ерекшелігіне сай жұмсалатын шығыны әртүрлі болғанына қарамастан барлығына біркелкі қаржы берілген. Қабылданған өтінімдердің 70 пайызында осындай сыбайластық тәуекелдері анықталып отыр", - деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Алексей Колосков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу