Шымкентте кәсіпкерлікті дамытуға 25 млрд теңге бөлінбек

689

2025 жылға дейін шаһардағы бизнес нысандарының санын 100 мыңға дейін жеткізу жоспарланған. 

Шымкентте кәсіпкерлікті дамытуға 25 млрд теңге бөлінбек

Бұл туралы елордада өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Шымкенттің өңірлік өнімдегі жалпы үлесі 34%-ды құрайды. Қалада 69 мыңнан аса кәсіпкерлік субъектісі болса, онда 163 мыңнан аса адам еңбек етеді. 2025 жылға дейін шаһардағы шағын және орта бизнес нысандарының санын 100 мыңға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Нәтижесінде 190 мың адам жұмыспен қамтып, Шымкенттің өңірлік өнімдегі жалпы үлесін 40%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз", – деді мегаполис басшысы. 

Ол үшін биыл "Бизнестің жол картасы 2025" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламалары аясында бөлінетін қаржы 2 есе ұлғайтылмақ.

"Аталған бағдарламаларға 6,9 млрд теңге бағыттап отырмыз. 2025 жылға қарай бағдарламалар шеңберінде бөлінетін қаражат көлемін 25 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда", – деді Мұрат Әйтенов.

Құралай Құдайберген 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу