Шымкентте кәсіпорын директоры сұйытылған газ контрабандасы үшін сотталды

1254

Сот айыпталушыға 4,3 млн теңге айыппұл салды.

Шымкентте кәсіпорын директоры сұйытылған газ контрабандасы үшін сотталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері заңсыз сұйытылған газды тасымалдау фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тергеу барысында 2020-2021 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы кәсіпорындардың бірінің директоры Г. Черкасова сұйытылған газды белгісіз тұлғалардан олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алғаны анықталды. Артынша жалпы құны 146 млн теңгеден асатын салмағы 966 тонна сұйытылған газды Өзбекстан мен Тәжікстанға заңсыз экспорттаған", – деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы экспорттау кезінде жалған келісім-шарттар мен тауарды шығару туралы құжаттар пайдаланылған.

Сот айыпталушыға 4,3 млн теңге айыппұл салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу