Шымкентте қатты дауыл шатырларды ұшырып кетті

2201

 Қала тұрғындары үшін қауіп болған жоқ.  

Шымкентте қатты дауыл шатырларды ұшырып кетті

Ауа-райы жағдайының нашарлауынан, атап айтқанда желдің екпіні секундына 16 м-ге дейін күшеюіне байланысты тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырлары, баннерлер, электр желілердің үзілуі мен ағаш бұталары сынған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің жедел іс-қимылдары қалалық коммуналдық қызметтермен бірлесіп күшті желдің салдарын жою жұмыстарын жүргізді.

24 наурызда 11 жедел ақпарат тіркелген, олар:  Абай ауданында 5 жағдай, Еңбекші ауданында 2 жағдай және Қаратау ауданында 4 жағдай. Барлық оқиғаға жедел түрде Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құтқарушылары мен өрт сөндірушілері шықты.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнында шатырдың ілініп тұрған бөлшектерін түсіріп, профнастилді бұзып, оқиға орындарын тексерді. Қала тұрғындары үшін қауіп болған жоқ. Коммуналдық қызметтер салдарларды қосымша жойды.

Сондай-ақ, ауа райының нашарлауына байланысты электр беру желілеріндегі іркілістер байқалды, соның салдарынан Шымкент қаласының 12 шағын ауданында электр энергиясы өшірілді. Электр желілерінің үзілуінің барлық салдарын энергетика қызметі жедел жойған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу