Шымкентте қатты жауын-шашын салдарынан автожол көпірі опырылып қалды

240

Шымкент қаласы Тұран ауданындағы Бадам өзені арқылы өтетін көпір құлап қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шымкентте қатты жауын-шашын салдарынан автожол көпірі опырылып қалды Фото: otyrar.kz

7 маусым сағат 11:45-те көпірдің тірек қадаларын су шайып кеткен. Мамандардың айтуынша, бұған қатты жауын себеп болған.

"Қатты жауын-шашын салдарынан секундына 49.5 текше метр судан өзен арнасы көтерілді. Көпірден 100-120 м. төменде су шайды. Қазіргі уақытта өзендегі су 15.3 текше метрге дейін төмендеді. Оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстарына жергілікті атқару органдарынан 20 адам және 5 техника, төтенше жағдайлар департаментінен 5 адам және 2 техника жұмылдырылды", – дейді ведомство.

Қазір көпір жабық.

"7 маусым 22:00-дегі жағдай бойынша көпір тірегі 1 метрге шөккен, көпір бойынша қозғалыс барлығына жабық, ескерту белгілері қойылды. Бұл көпір арқылы Шымкент қаласынан 5000 тұрғыны бар Жаңаталап тұрғын алабына қозғалыс жүзеге асырылған. Тиісті қызметтер оқиға орнында", – дейді төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылардың айтуынша, қираған көпірден 1,5 шақырым жерде қосымша автокөлік жолы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу