Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы алғашқы өңіраралық форумы аясында Шымкентте өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы тауарларының көрмесі өтуде. Көрмеде екі елдің 150-ге жуық тауар өндірушілері қатысып жатыр. Шымкенттегі "Көрме" орталығында екі елдегі алпауыт кәсіпорындар өз өнімдерін таныстырды, деп хабарлайды
"Көрме" орталығының алдында өзбекстандық және қазақстандық өндірушілердің құрылыс, қоғамдық көлік, ауыл шаруашылығы техникалары қаз-қатар тізіліп тұр. Өзбек-қытай біріккен кәсіпорны шығарып отырған мақта теретін машиналар бүгінде үлкен сұранысқа ие екен. Көршілерміздің жетекші кәсіпорындары "UZ AGROTEXMASH", "Шыршық", "i38" тракторлары, "TTZ-LS" мақта жинаушы тракторларына қызығушылық танытқандар көп болды.
Қазақстан тарапынан электр қуатымен жүретін көлік таныстырылды.
Көрмеге ауыл шаруашылығы тауарлары, жеңіл және тағам өндірісі тауарлары, энергия үнемдеу идеялары, жиһаздар мен ағаштан жасалған бұйымдар, құрылыс материалдары, тұрмыстық химия мен фармацевтикалық препараттар ұсынылды.