Қазақстан мен Ресей дәрігерлері Шымкенттің облыстық онкологиялық диспансерінде қуық асты безінің қатерлі ісігіне ота жасады. Бұл туралы ontustik.gov.kz хабарлайды.
Денсаулық сақтау басқармасы мен Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының үйлестіруімен өткен "Несеп-жыныс жүйесінің қатерлі ісігінің мультитәртіптік тәсілмен емдеу" шеберлік сыныбы халықаралық онкоурологиялық форумға ұласты.
Аталған шеберлік сынып барысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін дәрігерлерге қуық асты безі қатерлі ісігінің ерте диагностикасын жақсарту бойынша лекция оқылып, практикалық тәжірибе көрсетілді. Қуық асты безінің қатерлі ісігіне ота жасалып, онкоурологиялық форумда қуықтың және аталық безінің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалау және емдеу тәсілдері талқыланды.