Шымкентте кішкентай қыздардың сырғасын ұрлаумен айналысқан әйел ұсталды

859

Ол балаларды "балмұздақ беремін" деп алдаған.

Шымкентте кішкентай қыздардың сырғасын ұрлаумен айналысқан әйел ұсталды Фото: Polisia.kz

Шымкентте кішкентай қыздардың алтын сырғасын ұрлаумен айналысқан бикеш ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тұран ауданының тұрғыны полицияның "102" арнасы арқылы бейтаныс біреу кішкентай қызының алтын сырғасын алдап алып кеткені туралы хабарлаған. Аулада ойнап жүрген 7 жасар қыздың жанына белгісіз біреу келіп, өзін анасының құрбысымын деп таныстырған. Ол бүлдіршінге балмұздақ алып беремін деп, құлағындағы қымбат сырғасын шешіп алып, белгісіз бағытқа ізін “суытқан”. 

Полицейлер аталған деректі ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тергеушілер болған жайтты көрген-білген барлық куәгерлерден жауап алып, оқиға орнына жақын орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерді. Қабылданған шаралардың арқасында тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны екі тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді.  

Тұран АПБ-ның тергеушісі Нұрдәулет Аязхановтың айтуынша, 23 жастағы бойжеткеннің осыған ұқсас басқа да қылмыстық істерге қатысы бар. Бұған дейін ол тағы бір кішкентай қала тұрғынының алтын сырғасын иемденіп, қарт әйелдің телефонындағы онлайн-банкинг арқылы өзіне ақша аударып алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу