Шымкент қаласының Полиция департаменті Еңбекші аудандық ПБ 1994 жылы туған Тойшыбек Бағлан Нұрланұлына іздеу жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
"Ер адам 2021 жылы 24 қараша сағат 20:00 шамасында Күншығыс мөлтек ауданы №3 үй жанында жергілікті тұрғынды бірнеше рет пышақтап, ауыр дене жарақатын салып, оқиға орнынан ізін суытқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 24-99-бабы 1-бабы "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша тіркелді", - деп хабарлады Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті тергеу мен соттан бой тасалап, тұрғылықты мекенжайынан көшіп кеткені анықталды.
Ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы Бағлан Тойшыбекке қатысты 2 рет іздеу жарияланды, оның бірі – халықаралық іздеу.
"Іздеуде жүрген ер адамды көрген-білгендер болса, полицияның 102 арнасына немесе ( 8-771-671-56-63 ) 57-27-42 , 51-22-01 , 57-27-60 , 57-01-02 , факс: 57-03-41 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.