Бүгін Шымкентте 1100-ден астам автобус жолаушы тасымалдауға шығуға тиіс еді, бірақ оның тек 900 - ге жуығы ғана бағытқа шыққан. Бұл туралы Шымкент қалалық диспетчерлік қызметі орталығының мамандары айтты, деп хабарлайды otyrar.kz.
Бұл — орталыққа автоматты бақылау арқылы түскен мәлімет.
Бүгінде шымкенттік автобустардың тек 50 пайызы ғана GPS қондырғыларымен жабдықталған. Бұл қоғамдық көліктердің қалған 50 пайызын бақылау мүмкін емес деген сөз. Олардың қызмет көрсету сапасы, тұрақтылығы назардан тыс қалып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу