Шымкентте қоғамдық көлік картасының бағасы қымбаттайды

245

Өзгеріс 1 қазаннан бастап күшіне енеді.  

Шымкентте қоғамдық көлік картасының бағасы қымбаттайды Фото: yujanka.kz

"Smart Mobility" серіктестігінің директоры Ақылбек Ахметуәлидің айтуынша, қоғамдық көлік картасының құны 550 теңгеден 800 теңгеге дейін қымбаттайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған картаны өндіру, тасымалдау және басқа да операциялық шығындардың өсуі себеп болған. Қазан айына дейін қала тұрғындары, оның ішінде мектеп оқушылары мен студенттер картаны бұрынғы бағамен сатып ала алады.

Компания басшысының айтуынша, көлік картасының бағасын көтеру өткен жылы жоспарланған. Алайда тұрғындарға қолайлы болу үшін оның бағасы бір жыл бойы 550 теңге деңгейінде сақталған. Бұл ретте бір картаның өзіндік құны шамамен 780 теңгені құрайды.

Көлік картасын алу үшін мектеп оқушылары Шымкенттегі мектептердің бірінде оқитынын растайтын анықтама ұсынуы қажет. Оқушы туралы мәліметтер жүйеге бір рет енгізіліп, мұрағатта сақталады. Сондықтан карта жоғалған жағдайда анықтаманы қайта ұсынудың қажеті жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу