Шымкентте қоғамдық көліктер тексеріледі

126

Шаһардағы қоғамдық көліктердің жұмысына бақылау күшейтілмек.  

Шымкентте қоғамдық көліктер тексеріледі Фото: otyrar.kz

Өйткені шаһарда автобустардың жолға шықпай қалуы, жүргізушілердің көлікті аялдамадан тыс жерге тоқтатып, жолаушы мінгізіп, түсіруі және техникалық жарамсыздығына байланысты тұрғындар тарапынан шағымдар көбейген.

Осындай міндеттемелерді орындамаған көлік компанияларының әрекетіне қатысты 11 мыңнан аса акт толтырылып, 760 миллион теңге айыппұл салынған.

Мұнан бөлек жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелер белгіленген кестені ұстанбаған қоғамдық көліктер үшін 2,3 миллиард теңге айып төлеуге мәжбүр болған. Қазір шаһарда 79 әлеуметтік бағыт бойынша мыңға тарта автобус күнделікті қала халқына қызмет көрсетеді. Жолаушылар тасымалымен 11 компания айналысады.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің сөзінше, билетсіз жолаушыларды тасымалдағаны үшін 3 мың 4 акті толтырылды. Шымкент қаласы бойынша көлік бақылау инспекциясы түзген хаттамаларға сәйкес 6-8 млн теңге айыппұл өндірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу