Шымкентте қойма отқа оранып, екі адам жарақат алды

368

Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Шымкентте қойма отқа оранып, екі адам жарақат алды Фото: ТЖМ

Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Исфиджаб тұрғын алабында орналасқан жеке қойма аумағында өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнында қойма ғимараттарының шатыры, жүк көлігінен төгілген дизель отыны және нысан аумағында сақталған резеңке бұйымдар жанған. Өрт ошағына жақын жерде дизель отынымен толтырылған жүк көлігі тұрған.

Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Екеуі де күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 56 адам және 30 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары да жұмыс істеді.

Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу