Шымкентте қоймадағы өрт кезінде 3 газ баллоны шығарылды

243

Өрт толық сөндірілді.  

Шымкентте қоймадағы өрт кезінде 3 газ баллоны шығарылды Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі телеграм

Шымкенттің Әл-Фараби ауданында тұрмыстық техника сақталған қоймада өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар қызметіне Төле би көшесіндегі қоймадан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған құтқарушылар ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрт іргелес қойманың шатырына да жартылай тараған.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар өрт аймағынан үш газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, олардың жарылу қаупінің алдын алды. Сонымен қатар көрші қоймадағы тауарлар өрттен сақталды. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу