Шымкентте көктемгі егіс науқаны басталды

176

Былтыр оңтүстікте бидай бітік болып, мол астық жиналғанымен бағасы арзанға шықты. Өнімін сата алмаған шаруалар биыл дәнді дақыл алқабының көлемін азайтып отыр.  

Шымкентте көктемгі егіс науқаны басталды Фото: gov.kz

Өткен жылғыдан 3 мың гектарға аз, деп жазады inbusiness.kz сайты қалалық әкімдікке сілтеме жасап.  Есесіне майлы дақыл себілетін алқаптар мен жылыжай көлемі жылдан жылға көбейіп келеді. Шаруаларды қолдау үшін биыл мемлекеттен 863 миллион теңге субсидия бөлінеді.

Бұл қаржы жанармай мен минералды тыңайтқыштарды және тұқымды арзан бағада сатып алуға, жылыжайдың коммнуалдық шығындарын өтеуге жұмсалады.

Мегаполисте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің азаюына байланысты агротауарларды қайта өңдеу ісіне басымдық беріліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу