Шымкент қаласында Ерімбетов, 38 көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында ер адамның денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Ресурстың жазуынша, жергілікті тұрғындар бұл оқиға туралы 1 мамыр күні сағат 16.00 шамасында полицияға хабарлаған.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары мәйітті бастапқы тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілерін анықтаған жоқ.
Полицейлер марқұмның жеке басын анықтаған. Оның 1984 жылы туған, еліміздің азаматтығын алған Өзбекстан тумасы екені белгілі болды. Бүгінгі таңда ер адам өлімінің нақты себебі әлі анықталмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу