18 қазан күні полицияға Рысқұлов көшесінде қоқыс жәшігін тазалау барысында жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарланған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, мән-жайды білген.
Полициядан нәрестенің денесінде жарақаттар жоқтығы айтылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, шұғыл тергеу тобы жұмыс істеп жатқаны хабарланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу