Шымкентте көлігіне ит байлап, сүйреген жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды

676

Ер адамның сөзінше, ол көшіп жатқан. Автокөліктің салонында итке орын болмағандықтан, оны көлікке байлауды ұйғарған.

Шымкентте көлігіне ит байлап, сүйреген жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды Фото: Голос народа

Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында белгісіз адамның қала көшелерінің бірінде Opel Astra автокөлігіне байланған итті сүйреп бара жатқан бейнежазбаға назар аударды.

ҚПД Жедел басқару орталығының инспекторлары “Қорғау” қосымшасының көмегімен көліктің қозғалған орны мен жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Деректер Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жолданды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі.

Ер адаммен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу