Шымкентте көлік қаққан екі жасөспірімнің біреуі көз жұмды

802

Қазір күдікті іздестірілуде.

Шымкентте көлік қаққан екі жасөспірімнің біреуі көз жұмды

Шымкентте Темірлан тас жолы бойында жүргізуші автокөлігімен екі кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кеткен. Оның біреуі алған жарақатынан қайтыс болған, ал екіншісі түрлі жарақаттармен Шымкент қаласының медициналық мекемесінің жансақтау бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды otyrar.kz.

Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" және 347-бабы "Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған көліктің маркасын және оның орналасқан жерін анықтады.

Аталған автокөлік жүргізушісін ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу