Биыл Шымкентте көлік-логистика орталығы іске қосылады. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ Шымкент темір жол бөлімшелері басшыларының қатысуымен өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды blognews.kz.
Жалпы, биылғы жартыжылдықта Шымкент темір жол бөлімшелері арқылы 4 млн. тоннаға жуық жүк тразитпен өткен. Осы кезең ішінде 4,3 млн. тонна көлеміндегі жүктерді тиеу жұмыстары жүргізіліп, жоспар 3,2 пайызға орындалған. Тауар айналымы 3829,9 млн. нетто тонна-шақырымын құрап, меже 2,5 пайызға артығымен орындалған. Контейнерлік тасымалдау былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 72 пайызға артқан.
Жиын барысында компания президенті Қанат Алпысбаев жыл басында бекітілген межелік көрсеткіштерге тоқтылып, оларды тиімді іске асыру бағыттарын айқындады. Жұмыс сапары барысында ол қаладағы құрылысы жүргізіліп жатқан сауда-логистикалық орталығымен танысты.
Мұнда бүгінгі таңда құрғақ және климаттық сақтау қоймаларының, коммуникация желілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, сауда-логистикалық орталықтың 40 гектар болатын аймағын көркейту жұмыстары қолға алынған.