Шымкенттегі жатақханада студент көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне хабарлама жедел жәрдем бригадасынан түскен. Колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студенті көз жұмғаны тіркелген.
Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Соққы алған студенттің хәлі күрт нашарлап, студенттер жедел жәрдем шақырған. Алайда жігіт дәрігерлер келгенше қайтыс болған.
"Әл-Фараби АПБ қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды",- деп жазылған ІІМ хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу