Шымкентте қолөнер шеберлерінің көрмесі өтуде

833

Бәйдібек би ескерткішінің жанындағы этно-тарихи кешенде өтіп жатқан көрмеге 15-ке жуық үздік қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған. 

Шымкентте қолөнер шеберлерінің көрмесі өтуде

"Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы 2020" жылының салтанатты жабылу рәсімі аясында үшінші мегаполисте қолөнер шеберлерінің көрмесі өтуде, деп хабарлайды otyrar.kz.

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының Ғылыми ағартушылықты қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Гүлшат Жақанқызының айтуынша, бұл көрменің ұлттық қолөнерімізді насихаттауға қосып отырған үлесі мол.

"2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанғаны белгілі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, Шымкент шаһары б.з.д. ІІ ғасырда іргесі қаланған, Ұлы Жібек жолының бір бөлігінде орналасқан, тарихы бай, шежіреге толы мәдениет ордасы. Керуен жолдар қала арқылы Шымкент қаласын ертедегі орта ғасырлық – Отырар, Исфиджаб (Сайрам), Яссы (Түркістан), Сүткент, Сығанақ, Сауран және тағы басқа аңызға айналған қалалар қоршаған. Олардың гүлденуі жоғарыда айтылған халықаралық сауда жолдарымен тығыз байланысты болған. Мінеки, бүгінгі көрме барысында қолөнер шеберлерінің туындысында қаламыздың тарихын айшықтаған ағаш және былғары бұйымдар, әшекей заттар, ұлттық музыкалық аспаптарымыз т.б. көрініс тапқан. Көрме ертең де жалғасады", – дейді Гүлшат Жақанқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу