Шымкентте көпбалалы әйел баласын 1 млн теңгеге сатып жіберген

1202

Әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылды 

Шымкентте көпбалалы әйел баласын 1 млн теңгеге сатып жіберген

Бір жарым жасар баласын сатқан шымкенттік тұрғын 7 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz OTYRAR-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы 3 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қалалық ювеналды сотының төрағасы Дәурен Сайханов мәлімдеді.

Болжам бойынша 89-90 жылдары туылған көп балалы ана бір жарым жасар ұлын сатуға шешім қабылдайды. Әйел бұл туралы достарына айтып, сату туралы ақпарат қала полициясына жеткен. Полиция қызметкерлері баласы жоқ ерлі-зайыптылардың атын жамылып, сатушыға барған. Әйел сатып алушыларды "тауарды" дұрыс тексере алуы үшін үйіне шақырды.

"Айыпталушының өзі оларды кездесуге шақырып, үйіне әкелді. Ол бір жарым миллион сұраған, бірақ 1 миллион төлеуге келіскен. Саудаласып, полицейлер ақшаны берген. Анасы баланы жинап, оларға береді. Сол кезде ол қамауға алынды. Мәміленің барлық барысын полицейлер жасырын камераға түсіріп алған", – дейді Шымкент қалалық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотының төрағасы Дәурен Сайханов.

Белгілі болғандай, әйел ажырасып, төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырған. Босанған соң, ұлын ауруханада қалдырмақ болған. Бір жарым жылдан кейін әйел ақша тапшылығына байланысты осындай әрекетке бел буған. Әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылды, ал балалары туған әкесінің тәрбиесіне берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу