Шымкенттегі Асқаров және Мангелдин көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен адам мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған жайтқа қатысты қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
– Пәтерде өрттен кейін табылған ер адамның өлімі фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген Полиция хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу