Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеті жаңарады

1526

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеті жаңарады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен Шымкенттің архитектуралық келбеті мен көлік инфрақұрылымын дамыту жайы туралы мәжіліс өтті. Жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, шаһар әкімдігіне қарасты аудан әкімдері мен салалық бөлім басшылары және 30-дан астам мердігер компанияның жетекшілері қатысты.

Жиындағы бірінші мәселе – Шымкент әуежайынан әкімшілік іскерлік орталыққа дейінгі ұзындығы 17,8 шақырымды құрайтын орталық көшелер – Темірлан тас жолы, Желтоқсан мен Бәйдібек би көшелері, Д.Қонаев және Астана даңғылдарының бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін әрлеу жайы бойынша баяндама жасаған Ғабидолла Әбдірахымов аталған басты бес көше мен даңғылдың бойындағы 17 көпқабатты тұрғын үй жөндеп, әрлеуді қажет ететінін жеткізді. Нақтырақ айтқанда, Темірлан тас жолы бойындағы 5 көп қабатты тұрғын үй мен Желтоқсан көшесі бойындағы 7, Бәйдібек би даңғылындағы 2, Астана даңғылындағы 3 көп қабатты тұрғын үйдың қасбеті ретке келтірілмек. Барлық тұрғын үйлердің қазіргі және болашақтағы өзгерген көрінісі өңір басшысының назарына ұсынылды.  

"Аталған нысандардың сыртқы келбетін ретке келтіру мақсатында эскиздік жобалар дайындалды. Оған сәйкес, барлық көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен бүйір беттерін толығымен және төменгі бірінші қабаттағы коммерциялық құрылымдарды (дүкендер, асханалар, кеңсе және т.б.) қою түстермен, гранит тастармен біркелкі стильде ретке келтіру қажет. Ал жоғарғы қабаттарын ашық түсте әрлеу (аспол) және қазіргі заманауи материалдарды (гипкий камень) қолданылатын болады. Бүгінгі таңда, әрбір үйге бір-бір мердігер мекемеден белгіленіп қойылды",  – деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу