Шымкентте көпқабатты үйден 19 адам эвакуацияланды

235

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.  

Шымкентте көпқабатты үйден 19 адам эвакуацияланды Фото: ria.ru

Шымкенттің Абай ауданында тоғыз қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердің балконында өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт салдарынан үй заттары жанып, жалын пәтердің керме төбесіне тараған. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары баспалдақ арқылы 19 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу