Шымкентте айдың-күннің аманында адам ұрлаған

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан бірнеше адамның бір жігітті ұрып, көліктің жүк салғышына салып жатқанын көруге болады. 

Шымкентте айдың-күннің аманында адам ұрлаған Фото: видео скриншот

Полицияның сөзінше, екі күдікті көп ұзамай қамауға алынған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оқиға Шымкент қаласында болған. Видеодан жақын маңдағы адамдардың жалғыз жігітке көмектескісі келгенімен, күдіктілердің көлігімен қаша жөнелгеннін байқауға болады. Бұл жайтты сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғын телефонына таспалап алған. 

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты мәлімде жасады. 

– Әлеуметтік желіде азаматқа қатысты заңсыз әрекеттерге байланысты оқиғаның бейнежазбасы тарады. Полиция қызметкерлерімен оқиға қатысушыларының жеке басы анықталып, көлік құралы табылды. Екі күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиға бойынша қажетті процессуалдық жұмыстар жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз, – делінген ведомства ақпаратында.

Әзірге күдіктілердің мұндай әрекетке не үшін барғаны жайлы ақпарат айтылмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу