Шымкентте 19 жастағы жігіт көрші үйдің баласын зорлаған

2490

19 жастағы сотталушы жас балаға сексуалды сипатта зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкентте 19 жастағы жігіт көрші үйдің баласын зорлаған Фото: depositphotos.com

Сот 2023 жылдың қазан айының соңында сотталушы 2013 жылы 23 шілдеде туған М-ның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған қатысты бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын анықтаған.

"Сот қорытындылары кәмелетке толмаған жәбірленушінің, оның заңды өкілінің айғақтарымен, сотталушының өзіне сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген мойындау айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және істің басқа да материалдарымен расталады. Прокурор ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрады. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі және оның адвокаты прокурордың ұстанымымен келісті. Қорғаушы тарап ақтау үкімін шығаруды сұрады", – деді Шымкент қаласының ҚІМАС баспасөз қызметі.

Сот И-ді ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге байланысты педагогикалық лауазымдар мен лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу