Шымкентте "Көршіге ізет" күні аталып өтті

1246

Қалада жаңа мазмұнда бастау алған мерекелік жиындар 1 наурызға дейін жалғасады.

Шымкентте "Көршіге ізет" күні аталып өтті

"Алғыс айту" күні мерекесі қарсаңында Шымкентте басталған апталықтың үшінші күні  – "Көршіге ізет" атауымен жалғасын тапты, деп хабарлайды otyrar.kz.

Кеше Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабындағы өзбек этносының белді азаматтары көршілес Шапырашты, Өтеміс, Қызылсу, Тассай, Мәртөбе, Тоғыс, Бадам, Қарабастау тұрғын алаптарының қарияларын, абыройлы азаматтарын дастарханға шақырып, ізетін көрсетті. Мерекелік жиында тұрғындар бір-біріне ілтипат білдіріп, жергілікті этнос өкілдері қазақ еліне деген ақеділ алғысын жеткізді.

Мерекелік жиында сөз алған қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов елдегі берекелі бірлікті сақтап, нығайтудың маңызын тоқталды.

"Бүгінгі бірлігімізді көздің қарашығындай сақтап, оның қадірін жете ұғынсақ, жастардың санасын кері түсініктерден тазартсақ, біз барлық асулардан асамыз. Ал, ішкі татулықтың қадірін білу, оны тереңінен түйсіну, байыпты бағамдау сіздер мен біздерге жүктеліп отырған ауқымды жауапкершілік екенін сезінуге міндеттіміз. Және де осындай жайдары жүздесулер тек осы күнмен шектелмей, дәстүрлі жалғасқанын жөн деп білемін",– деді Мұратәлі Оразалыұлы.

Қалада жаңа сипатта әрі жаңа мазмұнда бастау алған мерекелік жиындар 1 наурызға дейін жалғасады. Бүгін – "Ұстазға құрмет" күні аталып өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу