Шымкентте көше бойында тұрған көлік жанып кетті

435

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. 

Шымкентте көше бойында тұрған көлік жанып кетті Фото: Шымкент ТЖД

Алайда  өрт салдарынан көлік ішіндегі құжаттар түгелімен жанып кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Оқиға Абай даңғылы және Гагарин көшелерінің қиылысында болды. Жол үстінде "Hyndai Sonata" маркалы көлік толығымен өртке оранды.

"Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт 8 минутта толығымен сөндірілді" - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу