Алдын ала ақпарат бойынша, рөлде әйел адам болған. Абырой болғанда, ол көліктен шығып үлгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Куәгерлер бірден өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалған.
"Өртті сөндіруге 12 адам және екі техника бірлігі жұмылдырылды", — делінген Шымкент ТЖД хабарламасында.
Алайда өрт сөндірушілердің барлық күш-жігеріне қарамастан, көлік өртеніп кетті.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Материалдық залал сомасы белгіленеді.
Қазір тергеушілер өрттің себептерін анықтауда, көлік қысқа тұйықталу салдарынан өртенген болуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу