Шымкентте 10-сынып оқушысы 5-сынып оқушысына күш көрсеткен. Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бейнежазбада көрсетілгендер көрші тұратын 10-сынып және 5-сынып оқушылары екені анықталды. Оқиғаның барлық қатысушылары ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Тексеру барысында оқиғаға дейін кәмелетке толмағандар арасында жанжал орын алғаны белгілі болды. Осыдан кейін 10-сынып оқушысы оны көшеде кездестіріп, күш қолданған", – деп хабарлады Шымкент қаласы ПД.
10-сынып оқушысының ата-анасы бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды.