Шымкентте Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылуда

400

Абаттандыру жұмыстары өндірістік кестеге сай биыл қазан айында аяқталады. 

Шымкентте Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылуда Фото: Казахстанская правда

Қазір қала тұрғындарының сүйікті орындарының бірі - Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылуда.

Жобаға сәйкес абаттандыру аймағында қоршаулар озық үлгіде жаңаланып, күркелер мен әткеншектер және балалар ойын алаңшалары салынады. Осылайша демалушыларға заманауи талапқа сай қолайлы жағдайлар жасалады.

Аумақтағы жарықтандыру жүйелерін демалушылар үшін ыңғайлы етіп, қоқыс жәшіктерін ұлғайтылады. Тұрғындарға қосымша бассейн орнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу