Оқиға Шымкент қаласының Тұран ауданында болған.
Әкімдік үш қызметкердің жұмыстан босатылғанын хабарлады.
"Коммуналды мекеме қызметкерлері Темірқазық көшесі бойын қоқыстан тазартты. Алайда аталған аумақта қызметкерлер өз тараптарынан қоқыс тастап, фотоға түсірген. Қазіргі уақытта видеодағы үш қызметкер жұмыстан босатылды. Сондай-ақ жауапты бөлім басшысына қатаң ескерту берілді", - делінген ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу