Шымкентте "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиал басшысы ұсталды

534

Күдікті жүйелі түрде пара алып отырған.  

Шымкентте "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиал басшысы ұсталды Фото: railways.kz

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Дәурен Ерғарин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазір Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Шымкент филиалының басшысына және оның қарамағындағы бірқатар қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.

"Олар пойыздарды қабылдаушы, кассир, вагондарды тексеруші-жөндеуші және т.б. лауазымдарға жұмысқа орналасу үшін жүйелі түрде пара бергені және алғаны үшін әшкереленген", - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу