Шұғыл! Шымкентте күкірт жанып, халық қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

425

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Шұғыл! Шымкентте күкірт жанып, халық қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр Фото: ТЖМ

Шымкенттің өрт сөндірушілері ашық тұтанған өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелеріне Еңбекші ауданында орналасқан "Ордабасы" индустриялдық аймағының аумағында күкірт жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер ашық күкірттің жануын анықтады.

"ТЖМ күштерімен сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Жедел штаб ұйымдастырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өрт орнына ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы келуде. Өрт орнында ЖАО, СЭС және ӨҚКД өкілдері жұмылдырылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

СMN.KZ телеграм арнасының жазуынша, 200 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 

Кешкі сағат бесте жақын маңдағы Шаңырақ шағын ауданының тұрғындарын эвакуациялау басталды. Халықты хабардар ету үшін сирена қосылды, адамдар автобуспен Сайрамға жеткізіліп, эвакуациялық пункттерге орналастырылды. 

Өңірдің ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, Шаңырақ шағын ауданында барлығы 2472 адам тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу