Шымкентте күнбағыс майының бағасы арзандатылды

781

Қаланың сауда нүктелері өнім бағасын көтерген. 

Шымкентте күнбағыс майының бағасы арзандатылды Фото: businessmir.kz

Экономикалық тергеу департаменті электрондық шот-фактураларды зерттеп, Шымкент өндірісіндегі өсімдік майының қымбаттағанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомствоның мәліметінше, "Доня" күнбағыс майының сату бағасы 1 литр үшін 550 теңгені құрайды. Бірақ сауда желісінде оның бағасы литріне 770 теңге тұрған.

"Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының қорытындысына сәйкес, бұл өнімнің бағасы литрі үшін 605 теңгеге дейін төмендетілді. Яғни өнім бағасы 165 теңгеге арзандады. Қаланың басқа супермаркетінде осы брендтің күнбағыс майы литрі үшін 748 теңгеден сатылды. Жүргізілген жұмыстан кейін баға литріне 605 теңгеге дейін төмендеді, яғни 143 теңгеге дейін арзандады", - деп хабарлады департамент.

Экономикалық тергеу департаменті бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу