Шымкентте күндізгі стационар жабылды

618

Қалада ЖРВИ мен пневмониямен ауырғандар санының күрт өсуіне байланысты қала әкімдігі 15 күн бұрын спорт кешенінде күндізгі стационар ашқан болатын.

Шымкентте күндізгі стационар жабылды

Шымкентте медициналық көмекке жүгінетін азаматтар санының азаюына байланысты жеңіл атлетика спорт кешеніндегі 360 орындық күндізгі стационар жабылды, деп хабарлайды  

Естеріңізге салсақ, қалада ЖРВИ мен пневмониямен ауырғандар санының күрт өсуіне байланысты қала әкімдігі 15 күн бұрын спорт кешенінде күндізгі стационар ашқан болатын.

Стационарда алғашқы бірнеше күнде 500-ден 700-ге дейін тұрғын емделді. Бүгінде қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады. Сондықтан соңғы бес күн ішінде стационарға келушілердің саны күніне 25 адамға дейін азайды, яғни күнделікті стационарға әр емханадан екі-үш емделуші келді.

Сондай-ақ, емханалар жанындағы күндізгі стационарларда қосымша төсек-орындардың ашылуына байланысты аталған спорт кешеніндегі стационар қызметіне жүгіну қажеттілігі төмендеді. Осы себепті қала әкімдігі жеңіл атлетика аренасындағы күндізгі стационардың жұмысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Бүгінде спорт кешенінде тиісті дезинфекциялық тазарту жұмыстары жүргізіліп, ондағы бірқатар жабдық емханаларға берілді.

Айта кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес күніне сағат 08:00-20:00 аралығында қаланың барлық емханаларынан келген 50-ден астам медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу