Шымкентте Құрбан айт кезінде жұмыс істейтін қасап орындары анықталды

208

Шымкент қаласында ветеринариялық және санитариялық талаптарға сай келетін үш арнайы орын белгіленді.  

Шымкентте Құрбан айт кезінде жұмыс істейтін қасап орындары анықталды Фото: ЖИ

Шымкент қаласында 27-29 мамыр аралығында құрбандық шалуға рұқсат етілген үш мал сою орны жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қала аумағында тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төрт түлік малды заңсыз (құжатсыз, тіркеусіз), сондай-ақ автокөліктерде және жеке тұрғын үйлердің аулаларында сатуға және союға жол берілмейді.

Сонымен қатар құрбандыққа шалынған малдың етін мұқтаж азаматтарға тарату кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Атап айтқанда тоңазытқыш жабдықтардың болуы, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және санитарлық талаптарды сақтау міндетті.

"Қала тұрғындары мен қонақтарынан құрбандық шалу барысында қауіпсіздік шараларын сақтап, малды тек ветеринариялық құжаттары бар арнайы мал сою орындарына өткізуді сұраймыз", – делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Биыл Шымкент қаласында ветеринариялық және санитариялық талаптарға сай келетін үш арнайы орын белгіленді.

1. "Kz Meat Farm" ШҚ, Қаратау ауданы, Бозарық 3 т/а, № 1989 учаске;

2. "Қазығұрт БРБ" АӨК, Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесі, № 12/1 үй;

3. "Бәйтерек Агро" ЖШС, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Махмұт ата көшесі, № 72 учаске.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу