Шымкентте құрбандық шалатын орындар белгіленді

755

Қала аумағында мал союға арналған 3 орын белгіленген

Шымкентте құрбандық шалатын орындар белгіленді Фото: google.com

Шымкенттегі барлық мешітте 28 маусым, таңғы сағат 6.30-да "Айт намазы" оқылады. Мереке күні қалада бекітілген мал сою орындарында сағат 08:00-ден бастап құрбандық шалу дәстүрі жүзеге асырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қала аумағында мал союға арналған 3 орын да Қаратау ауданында орналасқан. Мәселен, "Замин" мал сою бекеті Сайрам тұрғын алабына қарасты А-Темур көшесінде болса, "Халал Қассаб" мал сою бекеті Бозарық - 3 тұрғын алабында жұмыс істейді. Ал "Байтерек Агро" мал сою бекетінің мекенжайы Сайрам тұрғын алабына қарасты Махмут ата көшесі №72 учаскесінде орналасқан.

"Құрбандыққа шалатын малдың құлақ жапсырмалары болуы керек. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру орындарында тіркеуде болуы тиіс. Құрбандық малының №1 нысанды ветеринариялық анықтамасы міндеттеліп, тек бекітілген орындарда сойылуы қажет. Сонымен қатар алынған етті балалар үйіне, балабақшаға, ауруханаға, мешіттерге өткізген жағдайда №2 нысанды ветеринариялық анықтамасы болуы керек. Тасымалдау барысында арнайы температуралық режимі сақталған көлікпен тасымалдануы тиіс", - делінген Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ қала тұрғындары онлайн режимде құрбандық шалуға мүмкіндігі бар. Бұл бағытта құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайты жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу