Шымкентте құрбысын террористік топқа қосылуға шақырған ер адам сотталды

136

Шымкент қаласында тұратын ер адам таныс құрбысына WhatsApp мессенджері арқылы террористік топтарға қосылуға шақырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Шымкентте құрбысын террористік топқа қосылуға шақырған ер адам сотталды Фото: cvsi.kz

Қалалық прокуратураның мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйекте Шымкент қаласында "С" есімді азамат "WhatsApp" мессенджері арқылы танысы "Т" есімді азаматшаға халықаралық террористік ұйым "Мұсылман бауырлар" идеологиясын және "қарулы жиһад" идеясын насихаттайтын, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды жолдап, террористік топтарға қосылуға үгіт-насихат жасаған.

"Сот үкімімен "С" есімді азамат ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды интернет-ресурстар арқылы тарату) және 296-бабының 1-бөлігі (террористік не экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарға үгіт - насихат жасау, даярлау немесе қаруландыру) бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген прокуратура хабарламасында.

Былтыр тура осындай қылмыс жасағаны үшін 10 азамат сотталып, темір торға қамалды. 

Прокуратура мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және мүлкін тәркілеу қарастырылғанын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу