Шымкентте курьерден бір келі есірткі тәркіленді

106

Жас жігіт есірткі таратумен айналысып, интернет-есірткі дүкені үшін ораушы әрі курьер қызметін атқарған.  

Шымкентте курьерден бір келі есірткі тәркіленді Фото: polisia.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар бірқатар қылмыстың жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

"Шымкент қаласында 25 жастағы азамат ұсталды. Одан есірткі және синтетикалық есірткілерді өткізуге арналған заттар тәркіленді. Оның айтуынша, ол есірткі таратумен айналысып, интернет-есірткі дүкені үшін ораушы әрі курьер қызметін атқарған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір келіге жуық. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу